АҚШ азаматтары үшін қосымша ресурстар
АҚШ Кеден және шекара қызметінің (CBP) веб-сайтынан АҚШ-қа дәрі-дәрмек немесе азық-түлік әкелу туралы ақпаратты, сондай-ақ тыйым салынған және әкелуге шектеу қойылған заттар туралы мәліметтерді табуға болады.
АҚШ Кеден және шекара қызметінің (CBP)веб-сайтына кіріңіз: https://www.cbp.gov/travel/us-citizens/know-before-you-go/prohibited-and-restricted-items
АҚШ Пошта қызметінің (USPS) веб-сайтында АҚШ-тан шетелге заттарды жөнелту туралы ақпарат, соның ішінде, тыйым салынған және жөнелтуге шектеу қойылған заттардың тізімі берілген.
АҚШ Пошта қызметінің (USPS) веб-сайтына кіріңіз: https://www.usps.com/ship/shipping-restrictions.htm
АҚШ-тан Қазақстанға қандай заттарды кіргізуге болатыны туралы ақпарат алу үшін Қазақстандағы тиісті мемлекеттік органмен байланысу қажет.
Ақ үйге барғысы келетін шетелдік азаматтар өз елінің Вашингтондағы елшілігіне немесе консулдығына өтініш беруі тиіс.
Қазақстанның АҚШ-тағы ешілігі мен консулдығы көпшілікті қабылдауға ашық емес.
Сіз АҚШ елшілігіне немесе консулдығына некеңіз туралы хабарлауға міндетті емессіз.
Әдетте, шетелде заңды жасалған және жарамды некелер Америка Құрама Штаттарында да заңды күшке ие. Алайда, АҚШ-тың әр штатында некеге қатысты өз ережелері бар. Сондықтан сіз штаттың прокурорына хабарласып, некеңіздің және неке туралы куәлігіңіздің онда жарамды-жарамсыздығын тексеруіңіз керек.
АҚШ елшілігі мен консулдықтары АҚШ-та берілген туу туралы, қайтыс болғаны туралы немесе неке туралы куәліктерді ауыстырмайды немесе олардың расталған көшірмелерін бере алмайды. Сіз өлім орын алған мемлекеттің Азаматтық хал актілерін жазу кеңсесіне көшірмені алуға немесе өзгерістер енгізуге өтініш бере аласыз:
IRS-тің елшілікте кеңсесі жоқ. Шетелде тұратын салық төлеушілерге арналған АҚШ Ішкі кірістер қызметінің (IRS) маңызды ақпаратын мына жерден табуға болады: https://www.irs.gov/individuals/international-individuals
Егер IRS сайтынан кейін сұрақтарыңыз болса, көмек алу үшін Халықаралық салықтық қызмет көрсету орталығына хабарласуға болады: https://www.irs.gov/help/contact-my-local-office-internationally
IRS салықты қайтару чектерін соңғы белгілі мекен-жайға жібереді. Егер сіз федералды салықтың қайтарылуын күтсеңіз, IRS веб-сайтында қайтару күйін мына жерден тексере аласыз: http://irs.gov/
Жасалынайын деп жатқан қылмыс немесе адамның жоғалғаны туралы хабарлау үшін жергілікті полицияға хабарласыңыз. Олар шетелдегі қылмыстар туралы Интерполға жүгіне алады.
Қосымша ақпаратты Мемлекеттік департаменттің веб-сайтынан https://travel.state.gov/content/travel.html “Халықаралық сапарлар”, “Төтенше жағдайлар” бөлімін таңдап, “Шетелде жоғалған АҚШ азаматтары” бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы алуға болады
Егер Сіз Қазақстанда АҚШ азаматының жоғалуы туралы біреумен тікелей сөйлескіңіз келсе, жақын маңдағы АҚШ елшілігіне немесе консулдығына қоңырау шалыңыз:
Астанадағы АҚШ елшілігі
Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-21-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7-717-270-21-00
Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-22-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7172 70-22-00
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы
Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802
Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802
Елшілік пен консулдықтар рейстерді қайта брондай алмайды немесе сапарыңызға көмектесе алмайды. Сапарды ауыстыру немесе қайта брондау туралы ақпарат алу үшін тасымалдаушы компанияға хабарласыңыз. Егер сіз туроператор арқылы брондаған болсаңыз, олар сізге көмектесе алады. Қажет болған жағдайда, сіз саяхатты сақтандыру компаниясына жүгіне аласыз. Егер сіз кешігудің салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болсаңыз, көмек сұраудың ең жылдам жолы - туыстарыңыз бен достарыңызға хабарласу. Егер олар көмектесе алмаса, кіріңіз:
Мемлекеттік Департаменттің сайтында https://travel.state.gov/content/travel.html өзіңізді және ақшаңызды алаяқтардан қалай қорғауға болатыны туралы кеңестер беретін ақпарат пен ресурстар бар.
Сайтта “Халықаралық саяхаттар”, “Төтенше жағдайлар” бөлімдерін таңдап, “Халықаралық қаржылық алаяқтықтар” бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.