Қазақстанда АҚШ азаматының тұтқындалғаны туралы қалай хабарлаймын?

Егер сіз АҚШ азаматы болсаңыз және қамауға алынған немесе ұсталған болсаңыз, жақын жердегі елшілікке немесе консулдыққа хабарласыңыз. Олар келесі мәселелер бойынша көмек көрсете алады:

  • Ағылшын тілінде сөйлейтін жергілікті адвокаттардың тізімін беру.
  • Ұсталған АҚШ азаматының туыстарына, достарына немесе жұмыс берушілеріне олардың жазбаша рұқсатымен жүгіну.
  • Ұсталған АҚШ азаматына тұрақты барып, қажет болған жағдайда оған оқу материалдары мен витаминдік қоспалар беру.
  • Түрме қызметкерлерінің тиісті медициналық көмек көрсетуіне көмектесу.
  • Жергілікті қылмыстық сот төрелігі процесіне жалпы шолу жасау.
  • Ұсталған адамға қылмыс құрбандарына қолжетімді болуы мүмкін жергілікті және америкалық көмек көрсететін ресурстар туралы хабарлау.
  • Түрме қызметкерлері сіз таңдаған діннің діни қызметкерімен кездесуге рұқсат беретініне көз жеткізу.
  • Достар мен туыстар, түрме ережелері рұқсат ететін болса, АҚШ-тың тұтқындалған азаматтарына қаражат аудара алатындай етіп OCS қорын ашу.

Қосымша ақпаратты елшіліктің веб-сайтынан алуға болады: https://kz.usembassy.gov/arrest-of-a-u-s-citizen/

Қосымша ақпаратты АҚШ Мемлекеттік департаментінің веб-сайтынан https://travel.state.gov/content/travel.html “Халықаралық сапарлар”, “Төтенше жағдайлар” бөлімін таңдап, “АҚШ азаматын шетелде қамауға алу немесе ұстау” бөліміндегі нұсқауларды орындау арқылы табуға болады.

Егер Сіз Қазақстанда қамауға алу туралы әлдебіреумен тікелей сөйлескіңіз келсе, жақын маңдағы АҚШ елшілігіне немесе консулдығына қоңырау шалыңыз:

Астанадағы АҚШ елшілігі

Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-21-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7-717-270-21-00

Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: (+7-7172) 70-22-00
Америка Құрама Штатынан: 011-7172 70-22-00

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы

Қүнделікті жұмыс уақытында (дүйсенбі-жұма таңғы 8:00-ден кешкі 16:30-ға дейін):
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802

Жұмыс уақытынан тыс кезде:
Қазақстаннан: +7(727)250-4802
Америка Құрама Штатынан: 011-7-727-250-4802